Қазақстан АҚШ-тың жетекші жоғары оқу орнымен ынтымақтастық аясын кеңейтуге ниетті. Премьер-Министр Олжас Бектенов Аризона университетінің президенті, Суреш Гаримелламен кездесуде бірлескен академиялық бағдарламаларды, ғылыми зерттеулер мен технологиялар трансферін кеңейту әлеуетін талқылады. Бүгінде Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде америкалық ЖОО-мен бірлескен бағдарламалар бойынша 1,2 мыңнан астам студент оқиды. Биыл алғашқы түлектер оқуын аяқтайды. Қос тарап су ресурстары, агрогеномика, күкірт өңдеу, АІ және цифрлық денсаулық сақтау салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысын қарастырды. Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытудың және кадрлар даярлау сапасын арттырудың маңыздылығы атап өтілді.
Суреш Гаримелла, Аризона университетінің президенті:
- Біз серіктестерді мұқият таңдаймыз және Қазақстан мұның тамаша үлгісі. Бұл осы елдің дамуымен, оның демографиясымен, географиялық орналасуымен және ел басшылығының білімді, кадрлық әлеуетті және экономиканы дамытуға көрсетіп отырған қолдауымен байланысты. «Land-grant» мәртебесіне ие университет ретінде біздің қызмет ету миссиямыз бүкіл әлемді қамтиды және Қазақстанмен серіктестік осы жұмыстың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Біз үшін Қазақстанның алғашқы ірі халықаралық университеттік әріптесі болу үлкен мәртебе.
Қазақстан мен Жапония инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуде
Сондай-ақ Премьер-Министр Keidanren Жапония бизнес
федерациясының делегациясымен кездесу өткізіп, ек ел арасындағы сауда-экономикалық
және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту жайын талқылады. Тараптар көлік-логистика,
энергетика және өнеркәсіптік бағыттарындағы бірлескен әлеуетті жобаларды жүзеге
асыру барысын қарады. Былтыр Шығыс Азиядағы негізгі сауда-экономикалық серіктес
елмен арадағы тауар айналымы 1,7 млрд доллардан асты.

