Сарапшылар Қ.Тоқаевтың үш жылдық реформаларының қорытындысын талқылады

Сарапшылар Қ.Тоқаевтың үш жылдық реформаларының қорытындысын талқылады

Қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту, еліміздің егемендігін нығайту және демократиялық институттарды күшейту. Ел Президентінің Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалары осыған бағытталған. Жалпы соңғы үш жылда елімізде қолға алынған саяси өзгерістер орнықты дамуымыз бен мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құру үшін іргетас қалады. Яғни, қазақстандық қоғамды нығайтып, жаңа саяси дәстүрлер қалыптасуда. Астанадағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының алаңында Қасым-Жомарт Тоқаевтың үш жылдық реформаларының қорытындысы жарияланды. Оған мемлекеттік органдардың өкілдері, депутаттар, жетекші сараптамалық орталықтардың басшылары мен қоғам қайраткерлері және сарапшылар қатысты. 2022-ші жылы Қазақстанда заңсыз шығарылған активтерді қайтаруды көздейтін маңызды бағдарлама басталды. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің және әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудің құрамдас бөлігі. Мемлекетке шамамен 1 трлн 700 млрд теңге қайтарылды. Бұл қаржат әлеуметтік нысандардың құрылысына және су тасқынының салдарын жоюға бағытталуда. Қатысушылар Қазақстан осы жылдар ішінде партиялық және сайлау заңнамасын жетілдіргенін атап өтті. Екі бірдей референдум өтті. Парламент жаңарып, онда енді толыққанды фракциялар құрған алты партия жұмыс істейді.

Айдос Сарым, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

- Бұл реформаларда Президенттің философиясы, саяси ерік-жігері жатыр. Қолға алынған жаңа саяси бастамалар бүкіл қоғамға қауіп төндірмей және қандай да бір күйзеліс тудырмай, ел игілігі үшін іске асырылып жатыр. Бір реттік 7 жылдық президенттік мерзім де конституциямен бекітілген шешім. Осының негізінде қазір күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет тұжырымдамасы қалыптасты.  

Жанар Санхаева, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ саяси зерттеулер бөлімінің басшысы:

- Бірінші кезекте іске асырылған түрлі саяси реформалар халықтың мемлекеттік органдармен қарым-қатынасын жақсарта түсті. Сондай-ақ, саяси шешімдерді қабылдауға ықпал ететін жаңа алаңдар пайда болды. Халық осы жылдар бойы қолға алынған басымдықтар мен құндылықтарды қолдайды. Бұл жерде заңның үстемдігі мен тәртіп, әділеттілік, еңбектің маңыздылығы туралы айтып отырмын. Осының бәрі қоғам тарапынан кеңінен қолдау табады. Біз бұны әлеуметтік зерттеулеріміздің қорытындылары бойынша көріп отырмыз.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?