Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бүгінгі таңда жалпы құны 8 миллиард теңгеден астам сомаға 400 ғылыми жоба іске асырылып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары оқу орынының жұмысымен танысты. Университет ректоры Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысын еліміздегі ең көне оқу орынының стратегиялық даму жоспарымен таныстырды. Келесі жылы университет 90 жылдығын атап өтеді. Сондай-ақ Президентке мекеме базасында Қытайдың Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалы жұмыс істей бастағаны туралы баяндалды. Еске сала кетейік, келісімге Президенттің мамыр айында Қытайға ресми сапары барысында қол қойылды. Сонымен қатар ректор келесі жылдан бастап университет қалашығы құрылысының екінші кезеңін жүзеге асыру жөнінде мәлімет берді. Онда 8 оқу корпусы, технопарк және 12 жатақхана бой көтермек.