Үкіметте инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысы өтті

Үкіметте инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысы өтті

Қазақстанда фармацевтика өндірісінің аясы кеңейіп келеді. Елімізде шетелдік инвесторларды қолдау шаралары өзімізде өндірісті оқшаулау, инновациялық препараттар шығару, сондай-ақ технологиялар трансферті мен мамандарды даярлауға мүмкіндік берді. Бүгінде 34 өндірушімен фармацевтикалық өнімнің 2,5 мыңға жуық түрін өндіруге 90 ұзақмерзімді келісімшарт жасалды. Мәселен, Қазақстан осы бағыттағы Pfizer, Roche, AstraZeneca сияқты әлемдік жетекші компаниялармен тығыз әріптестік орнатқан. Соңғысы елімізде өндірісін жолға қою үшін 5 млн доллар инвестиция құйды. 2030-шы жылға дейін оның көлемін шамамен 40 млн долларға жеткізу көзделген. Бұл жөнінде ел Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысында айтылды. Жиында елшіліктер, Америка сауда палатасының өкілдері, сондай-ақ халықаралық компаниялардың өңірлік директорлары денсаулық сақтау саласындағы әріптестік аясын талқылады. Қатысушылардың айтуынша, еліміздің бұл бағытта өңірдегі технологиялық өндірістік хабқа айналуының әлеуеті зор.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында ұлт денсаулығын нығайту бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру қажеттігін атап өтті. Аталған міндеттің маңыздылығын ескере отырып, Үкімет денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру бойынша барлық шараны қабылдауда. Біз инвестиция көлемін арттыруды, өндірісті оқшаулауды, инвесторлардың қатысуымен жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құруға ниеттіміз.

Дмитрий Занчев, Орталық Азиядағы GE HealthСare президенті:

- Қазақстанның тартымды тұсы – мұнда инвесторды таңдау және оны сүйемелдеу тетіктері жақсы жолға қойылан. Ұқыпты әрі сауатты. Еуразия құрлығы аймағындағы ең үздігі. Қазақинвест компаниясы инвестиция тарту бойынша басынан бастап, соңына дейін қолдау көрсетіп, білікті кеңестерін беріп отырады. Кәсіпкерлермен келіссөз жүргізуде кешенді қолдау көрсетеді. Инвестиция туралы келісімге өтініш беруге қажетті құжаттарды дайындау секілді маңызды жұмыстар кезінде де көмектерін аямайды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?