«Самұрық-Қазына» жыл соңына дейін 1 трлн астам теңгеге 9 ірі жобаны пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Бұл қатарда Талдықорған – Үшарал магистральді газ құбыры, Ақтаудағы контейнер хабы мен Алматыдағы Zhetysu логистикалық терминалы бар. Бұл жөнінде Мемлекет басшысына Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді. Бүгінде «Самұрық-Қазынаның» инвестициялық портфелінде жалпы құны 53 трлн теңге болатын 130-ға жуық жоба бар. Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл атқарылған жұмыстың нәтижелері туралы мәлімет берілді. Осылайша, 2025-ші жылы CASPI BITUM зауытының қуатын арттыру, 50 МВт-тық күн электр стансасы және Кендірлі елді мекенінде су тұшытатын зауыт салу жобалары жүзеге асырылды. Сондай-ақ, жыл басынан «Самұрық-Энерго» сағатына 31 млрд кВт электр энергиясын өндірді. Бұл Қазақстандағы жалпы өндірістің 31% құрайды. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қор жұмысының тиімділігін арттыру, ұлттық активтердің дамуын қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.

