Қазақстанда ЖІӨ өсімі 9 айда 2,8% құрады

Бұл туралы Үкімет отырысында экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті. Саладағы оң өзгеріс ауыл шаруашылығы, ақпарат және байланыс, көлік және қойма, құрылыс, сауда, тау кен өндірісі және өңдеу өнеркәсібінде тіркелді. Аталған салалар арасында әсіресе өңдеу өнеркәсібінің барлық саласында өсім бар.

Атап айтсақ, машина құрастыру саласында автокөліктер, трейлер мен тіркеме өндірісі едуір артқан. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің дерегіне сүйенсек, металлургия саласында, оның ішінде түсті металлдар өндірісінде шығарылған өнім саны артқан. Сондай-ақ контейнерлік жүк тасымалдау бойынша көрсеткіш өсімі 5 процентті құрап отыр.