«Муфаса. Арыстан патшасы» картинасы қазақ тілінде көрерменге жол тартты. Disney студиясының
кезекті жобасы мемлекеттік тілге
аударылған 3 фильм. Шытырман
оқиғаның кейіпкерлерін
танымал отандық театр және кино актерлері дубляждаса, вокалдық партияларды
қазақстандық әртістар орындап
шықты. Ерасыл Мұхамадиев үш жылдан астам уақыт дубляж саласында жұмыс істеп келе
жатыр, фильмнің басты кейіпкері Муфасаны да өзі дыбыстайды.
Ерасыл
Мұхамадиев,
дубляж актері:
- Ең алғаш маған Муфасаға
өттіңіз деген хабарлама келген кезде әрине бірден қуандым. Және 2019 ж
қателеспесем Арыстан патшаның 1 бөлімі фильм түрінде шыққан. Мен дәл сол
фильмін қайта бір қарап шықтым яғни сол атмосфераға, сол кейіпкерлерге ену үшін
солардың мәнерін сіңіріп өзіме дайындық ретінде қарап шықты. Сондықтан
кейіпкерді дыбыстау маған қиынға соқпады.
Бұған
дейін «Ойжұмбақ-2»
және «Моана-2» мультфильмдері қазақ тіліне аударылып, экранға шығарылды. Қазақстандық прокаттағы
екі картина да миллиондаған кассалық түсім жинап, рекорд орнатты. Анимациялық
ленталардың дубляж режиссері Шах-Мұрат Ордабаев бүгінде қазақ тілді көрермендер
сапалы контентті ана тілінде көре алатынын атап өтті.
Шах-Мұрат
Ордабаев,
дубляж режиссері:
- Көрерменен сұраныс бар
бұл үлкен көрсеткіштің бірі. Көрермен қызықса мұнын бәрі бекер емес және
осындай нәрсені жасауымыз керек. Біз қандай мемлекеттен кембіз. 39-шы тіл боп
есептелеміз.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдан бастап Голливуд
студиялары өз есебінен блокбастерлерді қазақ тіліне дыбыстайды. Барлық
картиналар көрермендер арасында танымал. Жалпы, 2011 жылдан бастап ірі
халықаралық студиялардың бірнеше ондаған жобасы қазақ тіліне дулбяждалды.
Әсел Күшенғалиева

