Standard & Poor’s Қазақстанның егеменді кредиттік рейтингін «BBB-»
деңгейінде растады, болжам «тұрақты». Халықаралық рейтингтік агенттіктің есебінше,
2025 жылы республика экономикасы 4,9% өседі. Алайда 2026 жылы бұл қарқын 3,4%
дейін баяулауы мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, мұнай өндірісінің артуы, Теңіз
кен орнындағы қуаттарды кеңейту және мемлекеттік инфрақұрылымдық инвестициялар
отандық экономиканың қозғаушы күшіне айналмақ. Халықаралық мамандар күшті
фискалдық және сыртқы баланстар Қазақстанның кредиттік рейтингін қолдайтын
факторлардың брі екенін алға тартады. Олар елдің ықтимал тәуекелдерге төтеп
беруіне жеткілікті қорын қамтамасыз етеді. Осылайша, Қазақстанның сыртқы
активтерінің құны сыртқы қарыздан жоғары болады деп күтілуде.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

