Құрылтай сайлауына партияларды тіркеу жалғасуда

Құрылтай сайлауына партияларды тіркеу жалғасуда

Үш саяси партияның Құрылтай депутаттығына кандидаттарының тізімі тіркелді. Олар - «Ақ жол», Жалпыұлттық социал-демократиялық партия және Respublica партиялары. Соңғы аталған саяси ұйым тізімінде - кандидаттардың жартысынан астамын әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар құраған. Барлық кандидаттарға Орталық сайлау комиссиясы сайлауға қатысуға рұқсат берді. Олар Конституция мен сайлау заңнамасының талаптарына сай деп танылды.


Олжас Құспеков, «Respublica» партиясы төрағасының орынбасары:


- Кандидаттардың орташа жасы 40,9 жасты құрайды. Тізім құрамында 44 еркек пен 31 әйел бар, ал 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 12% құрайды. Ең жас кандидат - 27 жаста, ең үлкені - 55 жаста. Партиялық тізімнің негізгі бөлігі кәсіпкерлер, олар - 69,3%-ды құрады.


Ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның тізімінде 14 әйел бар, кандидаттардың 30%-дан астамы - жастар мен мүгедектігі бар адамдар.


Асхат Рахымжанов, Жалпыұлттық Социал-демократиялық партия төрағасы:


- Бұл өте маңызды мінбер, өте жауапты іс. Партия жұмысты білетін, ұзақ уақыт бойы бізбен ынтымақтастық орнатқан, біздің ортақ идеалдар мен мақсаттарымызды ұстанатын, саяси мамандарды партиямыз өз қатарына қосып отыр.


 «Ақ жол» партиясы 63 кандидат ұсынды. Олардың арасында 22 әйел, сондай-ақ, жастар мен мүгедектігі бар адамдар бар. Үш саяси күш те сайлау жарнасын төлеуден босатылды, себебі алдыңғы Мәжілістегі сайлауда олар бес пайыздық шекті межені еңсерген.


Дания Еспаева, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:

- Бұл, біріншіден, өңірлерде жұмыс тәжірибесі мол адамдар. Олар кәсіпкерлер, облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттардың депутаттары. VIII шақырылымдағы депутаттардың ішінде біздің 6 депутатымыз болды, олардың барлығы осы тізімге толық енді. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?