Қазақстанның сот жүйесінде жасанды интеллект мүмкіндіктері кеңейтіледі

Қазақстанның сот жүйесінде жасанды интеллект мүмкіндіктері кеңейтіледі

Қазақстанның Конституциялық сот жүйесіне Жасанды интеллект енгізіледі. Бұл туралы «Бейбітшілік және болашақ - құқық арқылы» халықаралық конституциялық сот төрелігі форумында белгілі болды. Мамандардың айтуынша, қазір материалдарды іздеуге, шетелдік Конституциялық соттар мен халықаралық ұйымдардың тәжірибесін ескере отырып, шешімдердің ықтимал нұсқаларын ұсынуға көмектесетін арнайы портал әзірленуде. Алайда, түпкілікті шешім бұрынғыдай судьяларда қалады. Бұдан басқа, жаңа жүйе азаматтардың өтініштерін беруді жеңілдетеді. Қазір олар Е-otinish және Egov арқылы қабылданады. Осының бәрін бір ғана арнаға біріктіру жоспарланған.

Бақыт Нұрмұханов, ҚР Конституциялық сот төрағасының орынбасары:

- Қазіргі уақытта жалпы юрисдикция соттарында жасанды интеллект элементтері енгізілуде, және әрбір судья талап арыздарды талдауға, сонымен қатар еліміз бойынша тиісті сот істерінің тәжірибесін қарауға мүмкіндік алады. Біз де өз тарапымыздан өтініштерді қарау барысында басқа мемлекеттердің конституциялық практикасын, халықаралық, соттық, құқық қорғау ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстанның құқық қорғау ұйымдарының тәжірибесін талдауды жоспарлап отырмыз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?