Мұндай құтты мекендердің бірі – Алтынасар қалашығы. Қазір көне шаһарды ЮНЕСКО тізіміне қосу жұмыстары пысықталуда. Бұл жеті Асар мәдениетінің әзірге белгілі ең үлкен бекінісі. Бүгінде ежелгі қала орнында қамал мен сарайды қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.
Күміс Сейітова, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі комитеті төрағасының орынбасары:
- 2022 жылы 17 маңызды тарихи және мәдени ескерткіштерінде ғылыми негіздеме бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Бұл тізімге Әзірет-Сұлтан мұражай-қорығы, Отырар қалашығы, Жаркент мешіті, Ботай қонысы мен Бөкей Ордасы Ахмет Байтұрсынұлының үй-мұражайы, Бекет-ата жерасты мешіті, Сауран сәулет-археологиялық кешені, Абылай хан резиденциясы және тағы басқа нысандар кірді.
Бейінді ведомства өкілінің айтуынша, қазақстандық ғалымдармен шетелдік мамандар тарихи нысандарды қалпына келтіру әдістері мен технологиялары бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға белсене кіріскен. Сарапшылар ескі құрылыс материалдарының құрамынан бастап климаттық ерекшеліктерге дейін ескеруге ден қоюда.