Қазақ халқының аңыздары мен қазіргі өмірі цифрлық суреттермен. Парижде алматылық Жанар Ерланқызының алғашқы жеке экспозициясы ашылды. Суретші халқымыздың аңызға айналған тұлғаларын ертегі әлеміндегі иллюстрация стилінде көрсеткен. Ол белгілі тарихшы және лингвист Серікбол Қондыбайдың зерттеулерінен шабыттанатынын атап өтті. Әр еңбегінде өткен тарихымыз бен заманауи өмір салтымызды ерекше ұштастыра бейнелеген. Жерлесіміздің өнері француз жұртшылығының көңілінен шықты.
Жания Елубаева, көрме ұйымдастырушысы:
- Келген қонақтарға көбіне мифологиялық бөлім өте қатты ұнаған сияқты. Өйткені бәріміз де суреттерге қарап қиялдауды жақсы көреміз. Көргіміз келген нәрсені байқаймыз. Көрермендерге ыңғайлы болу үшін әр картинаның мән-мағынасы жазылған буклеттер бар. Халық қызыға келіп, танысып жатыр.