Қазақстанда «Абайдың әлем тілдеріндегі өлеңдері» челлендж өтуде

Қазақстанда «Абайдың әлем тілдеріндегі өлеңдері» челлендж өтуде

Абай мен оның шығармаларына деген сүйіспеншілік шексіз. Ұлы қазақ ақыны мен ағартушысының 180 жылдығына арналған халықаралық челлендж аясында ойшылдың өлеңдері поляк, неміс, белорусь, армян, моңғол және үнді тілдерінде оқылуда. Науқанға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, төтенше және өкілетті елшілер, шетелдік ұлттық және балалар кітапханаларының басшылары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері де қосылды.

Итальяндық басылымда қазақ ақыны Абай Құнанбайұлы туралы мақала жарық көрді

Сондай-ақ, Италиядан келген филолог және әдебиет пәнінің оқытушысы Фьоренца Боски Абайдың мәңгілік мұрасына деген сүйіспеншілігі туралы жазды. Оның мақаласы LineaTempo мәдени-тарихи журналында жарық көрді. Автор Абайдың балалық шағы, білімі, сондай-ақ оның шығармаларының гуманистік құндылықтары мен қазақ және әлем әдебиетіне қосқан үлесі турасында қалам тербейді. Оқытушының айтуынша, оның бірегей тұлғамен кездейсоқ танысуы терең қызығушылыққа айналды. Оны Абайдың өлеңдері тәнті етті, енді Фьоренц оның шығармаларының итальян тілінегі жаңа әдеби аудармасын жасауды жоспарлап отыр.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?