Қазақстан халқын Республика күнімен әлемнің түкпір –түкпірінен құттықтап жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына көптеген шет мемлекеттердің президенттерінен және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсті. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы, Қытай Халық Республикасының Төрағасы, Ресей, Түркия, Франция, Тәжікстан, Иран, Сингапур президенттері құттықтап, бейбітшілік пен тұрақтылық тіледі. Және жан-жақты стратегиялық қатынастарды дамытуға мүдделі екендерін жеткізді. Құттықтау жеделхаттары әлі де келіп жатыр.