Ақтаулықтар Гиннесс рекордын орнатып, тарихта қалуға ниетті. Ол үшін Каспий теңізінің жағасында өтетін «Best fest Nauryz» фестиваліне ұлттық киімде 5 мың адам жиналмақ. Бұл шараны ресми түрде тіркеу үшін 22 наурыз күні аймаққа әлемдік рекордттар Кітабының өкілдері келеді. Ұйымдастырушылардың сөзінше, шараның мақсаты – қоғамды ортақ құндылықтарға ұйыстырумен қатар, қазақ халқының бірегей мәдени мұрасын әлемге таныту. Сонымен қатар, әлем жиһангездерінің назарын отандық туризмге аударып, елге шетелдік саяхатшылар ағынын арттыру.
Әсемгүл Адамбай, Ұйымдастыру тобының жетекшісі:
- «Best fest Nauryz» фестивалінің басты мақсаты ескіні жаңғыртып, біздің бай руханиятымызды, тарихымызды әлемге паш ету. 22 күні Ұлыбритания королдігінен «Гиннес рекордтар» штаб квартирасынан бірінші рет Қазақстанға ұжымның төрағалары келеді. Осы рекордты орнатуға куәлік етеді. Бұл тек маңғыстаулықтардың емес, ұлттың мәселесі. Әлемге жақсы жағымыздан өзіміздің терең тарихымызды көрсететін кез.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

