Ресейде Қазақстанның мәдениет күндері өтіп жатыр

Ресейде Қазақстанның мәдениет күндері өтіп жатыр

Ресей астанасында Қазақстанның мәдениет күндері өтті. Мәскеу тұрғындары мен қонақтарының назарына әйгілі Третьяков галереясында «Қазақстан өнерінің жауһарлары» көрмесі ұсынылды. Онда отандық бейнелеу және мүсін өнері шеберлерінің 60-тан астам бірегей туындылары қойылды.


Ал, өнер сүйер қауым «Парасат майданы» спектаклін тамашалай алды. Сахналық қойылым қазақ әдебиетінің классигі Төлен Әбдіктің шығармалары негізінде құрылған. Бұл спектакльді Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театрының актерлері сомдады.

Сондай-ақ, Мәскеуде қазақ киносының күндері өтті. Көрермендерге 6 жанрда отандық картиналар ұсынылды. Бұл қатарда «1941 жылдың жазы», «Тоқта, түн», «Дос-Мұқасан» және «Алтын Адам» мультфильмі бар. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?