Қазақстан астанасы
Silk Way Star байқауының қатысушыларын қарсы алуда. Олардың арасында
Әзербайжан, Моңғолия және Қырғызстаннан келген әншілер - Сабина Заде, Мишель
Джозеф және Тамга бар. Әуежайда оларды дәстүрлі музыкамен қарсы алып, меймандар
ұлттық тағамдардан тәм татты. Сұхбат барысында әртістер өз ізгі тілектерін
жолдап, жергілікті өнер сүйер қауымға төл мәдени мұрасын таныстыруға асық
екендерін жеткізді. Айта кетейік, Азия вокалдық байқауына 12 елдің
орындаушылары қатысады. Түсірілім 26 тамызда басталады.
Мишель Джозеф, Silk
Way Star қатысушысы /Моңғолия/:
- Мен үшін Орталық Азия қауымын Моңғолиямен тасыстыру, өзімнің музыкаммен,
дәстүрлеріммен, мәдениетіммен бөлісу үлкен мәртебе. Менің
әндерім дәстүрлі моңғол сарыны мен заманауи философияны біріктіреді. Өзге қатысушыларды
мен қарсылас ретінде қарастырмаймын, себебі олардан білмегенімді үйренуге
келдім.
Тамга, Silk Way
Star қатысушысы /Қырғызстан/:
- Мен үшін осындай ауқымды халықаралық деңгейдегі музыкалық байқауға қатысу
өзімді таныту үшін үлкен мүмкіндік деп санаймын.

