Ресейде Қазақ киносының күндері өтуде

Ресейде Қазақ киносының күндері өтуде

Соңғы жылдардағы қазақстандық режиссерлердің елеулі еңбектерін Ресей астанасының тұрғындары мен қонақтары тамашалауда. Көрермендер назарына «Қажымұқан», «Патриоттар уақыты», «Боксер», «Набат» операциясы» және «Дос-Мұқасан» ленталары ұсынылды. Картиналар Қазақ киносы күндері аясында Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіндегі Қазақстан павильонында көрсетілді. Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаевтың айтуынша, жоба жылда өткізілетін дәстүрге айналады.


Құрманбек Жұмағали, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басқарма төрағасы:


- Біз енді бұл жобаны жопарлап жүргенімізге өте көп болды. Мәскеуден бастап жатқанымыз тегіннен тегін емес. Сондықтан да алып келген қоржынымызда 5 өте бір жақсы, сапалы түрде режиссерларымыз түсірген туындыларды алып келдік. Оның ішінде Дәурен Әскербекұлы айтып кеткендей қазір қазақ отбасында, еліміздегі барлық іс-шаралар ол Дос-Мұқасанның әндерінсіз бастамау мүмкін емес.

Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?