Енді қазақстандық
ғалымдар Гарвард университетінде сақталған сирек кітаптар мен қолжазбалар
жинағын цифрландырады. Кітапхана ресурсы мен мұрағатқа қол жеткізу мүмкіндігі
тиісті меморандум асында жүзеге асырылады. Құжат біздің еліміздің Ғылым және
жоғары білім министрлігі мен Гарвард университеті жанындағы Дэвис атындағы
Ресей және Еуразиялық зерттеулер орталығы арасында рәсімделді.
Ұлар Мұқажанов, «Ғылым
ордасы» кітапханасының бас директоры:
- Жаңағы көне деген, ең
деген көне жазбаларды ғылыми айналымға шығару. Халықаралық ғылыми айналымға
шығару. Сонымен қатар бұл жобаның негізінде біздегі ғылым ордасындағы жалпы
қолжазбалардың электрондық базасын жасау. Сонымен қатар, қазір өздеріңіз
білесіздер оларды цифрдандыру мәселесі жүріп жатыр.
Сонымен қатар,
меморандум академиялық алмасуларды, соның ішінде стипендиялар мен ғылыми тағылымдамаларды
ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оның аясында Қазақстанның тарихы мен мәдениетін
терең зерттеуге ықпал ететін ғылыми жобалар мен жарияланымдар қолдау алады.

