Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің ақтық кезеңі басталды

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің ақтық кезеңі басталды

Қазақстанда Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің ақтық кезеңі өтіп жатыр. Айта кету керек, биылғы байқауға 6 мыңнан астам адам қатысты. Яғни, 1 орынға шамамен 128 үміткерден келді. Бірнеше кезеңнен тұратын саралау нәтижесі бойынша 100 үздік анықталды. Енді оларды Ұлттық комиссия мүшелерімен әңгімелесу кезеңі күтіп тұр. Бұл сыннан да сүрінбеген 50 адам Президенттік жастар кадр резервіне қабылданады. Еске салайық, Президенттік жастар кадр резерві – бұл Мемлекет басшысының талантты жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне тарту жөніндегі бастамасы.

Дархан Жазықбай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы:
-
Үміткерлеріміздің негізгі білімдері жоғары. Және шетелдік білімдері бар. Сонымен қатар қазіргі таңда біздің осы кезеңнен өткен кездегі біздің үмсіткерлерімізді алға қойған мемлекеттік басқаруға өздерінің үлесін қосу, яғни ол өңірлік деңгейде жұмыс жасау, осы орталық органдарда жұмыс жасау.