Президент Саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті

Президент Саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті

Қасым-Жомарт Тоқаев АЛЖИР мемориалды-музей кешеніне барды. Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етті. Президент халқымыздың күшпен ұжымдастыру науқаны кезінде көп мал-мүлкінен айырылғанын айтты. Жұртымыз аштықтан қынадай қырылды, көп адам жан сауғалап, шетел асып кетті. Сталиндік репрессия кезінде ұлт зиялылары, білімді, көзі ашық азаматтар жаппай қудаланды. Мыңдаған адам халық жауы атанып, аяусыз азапталды, сотсыз атылды. Қазақстан аумағында ГУЛАГ жүйесінің 11 лагері орналасты. Саяси қуғынға ұшыраған 300 мыңнан астам азамат ақталды. Екі жарым миллионнан астам материалдың құпия белгісі алынып тасталды. Комиссия зерттеген құжаттар негізінде 72 томдық жинақ дайындалды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?