Қазақстан Балқан
түбегіндегі сенімді әріптес ретінде Солтүстік Македониямен жан-жақты
серіктестікті дамытуға мүдделі. Бұл туралы
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Солтүстік Македония
Президенті Гордана Силяновска-Давковамен кездесуінде айтты. Президенттер екі
ел қарым-қатынасының барлық саласына тың серпін беруге уағдаласты. Әсіресе,
ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, қаржы және туризм секілді басым бағыттарға
назар аударылды.
Мемлекет
басшылары Солтүстік Македония фармацевтикалық
компаниясының Алматыда өкілдік ашу туралы шешімін құптады.

