Қазақстан Парламенті қызметін қорытындылады

Қазақстан Парламенті қызметін қорытындылады

Мәжілістің VIII шақырылымының төртінші сессиясы қорытындыланды. Палата спикері Ерлан Қошановтың мәліметінше, депутаттар 190 заң жобасын талқыланған. Оның әрбір үшінші құжаты депутаттардың бастамасымен әзірленген. Нәтижесінде 110 заңға Мемлекет басшысы қол қойды. Олардың қатарында «Цифрлық кодекс» пен «Жасанды интеллект туралы» заң тәрізді ел өміріне жаңа өзгеріс әкелетін іргелі заңнамалық құжаттар бар.


Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:


- Осы сессия Қазақстан Парламентаризмінің жаңа тарихындағы ең маңызды кезеңнің біріне айналды деуге болады. Президентіміз атап өткендей 1 шілдеден Қазақстан жаңа дәуірге қадам басады. Бірінші кезекте Жаңа Конституцияны іске асыру үшін бірқатар Коституциялық заңдар қабылдадық. «Президент», «Астананың мәртебесі», «Әкімшілік аумақтық құрылыс» туралы заңдар жаңарып, «Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі», «Халық Кеңесі» туралы мүлдем жаңа заңдар қабылданды. Осылайша Ата заңның күшіне енуі үшін барлық жұмыс сапалы әрі уақытылы орындалды. 


Сенаттың қорытынды отырысында Спикер Мәулен Әшімбаев Палатаның атқарған қызметіне тоқталды. Сенат өз тарихында 900-ге тарта отырыс өткізіп, 3,5 мыңнан астам заңды қабылдап, мақұлдады. Әрбір оныншы заң Сенат депутаттарының бастамасымен әзірленген. Қос палата ресми жұмысын 30 маусым күні аяқтайды. Яғни, жаңа Конституцияға сәйкес Парламент сайлаудан кейін Құрылтай болып өзгереді.


Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Заң шығарумен қатар, Палата түрлі форматтағы жиындар өткізіп, ел дамуына қажетті маңызды мәселелерді көтеріп отырды. Азаматтарымызды алаңдатқан мәселелер бойынша Үкіметке 3 мыңға жуық депутаттық сауал жолданып, шешу жолдары ұсынылды. Осы атқарылған жұмыс барысында сенаторлар әрдайым халықтың мүддесіне табан тіреп, мемлекетшілдік ұстанымнан айныған жоқ. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?