Астана халықаралық форумының панельдік сессияларының бірінде Еуразиялық
аймақтың әлеуеті талқыланды. Жиналғандар осы бағытта пікір алмасып, ой бөлісті.
Сарапшылардың айтуынша, көлік инфрақұрылымын жаңғырту, энергетикадағы
инновациялар мен ресурстарды тиімді пайдалану елдердің тұрақты экономикалық
өсуіне серпін береді.
Рае Квон Чунг, Нобель сыйлығының лауреаты:
- «Орталық Азияда жаңартылатын энергияның үлкен әлеуеті бар. Сонымен қатар,
көміртексіз өнімдер мен энергияны өндіруге, сондай-ақ оларды Еуропа елдеріне
экспорттауға мүмкіндік бар. Бұл дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Қазақстан -
Орталық Азиядағы жетекші мемлекет. Республика Еуропа мен Азия арасында жасыл
экономиканы ілгерілетуде үлкен рөл атқара алады. Климаттың өзгеруін мейлінше азайтуға
инвестиция салу экономикалық өсуді ынталандыруы мүмкін. Бұл бағытта Қазақстанның
зор әлеуеті бар екеніне сенімдімін».

