Ақордада Қазақстан Президентінің төрағалығымен әскери және құқықтық тәртіп
мәселелері бойынша кеңес өтті. Жиында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бас прокурор, Ішкі
істер министрі және Қорғаныс министрі осы бағытта, сондай-ақ әскерилер арасында
жүргізіліп жатқан тәрбие жұмыстары туралы баяндама жасады. Президент заң мен
тәртіпті одан әрі қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

