Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді. Кәрі құрлық құрылымның отырысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстандағы демократиялық реформалардың іске асырылу барысы талқыланды. Оның мүшелері еліміздегі мүгедектігі бар адамдарды, әйелдерді және осал санаттарды және адам құқықтары саласындағы өзгерістердің тиімділігін атап өтті.

Жолт Немет, Мажарстан Мемлекеттік жиналысы халықаралық істер комитетінің төрағасы:

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қызметіне кіріскен сәттен бастап біз Қазақстанның саяси жүйесін жаңғыртып, оны халықаралық стандарттарға сәйкес келтірген бірқатар реформалардың куәсі болдық. 2022 жылы елде өлім жазасы жойылды. Бұл Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы ұзақ уақыт бойы дәріптеген тарихи қадам болды. Елде жүргізілген конституциялық реформалар Парламенттің рөлін, институттардың тәуелсіздігін және атқарушы биліктің есептілігін күшейтті.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Қазақстан өзінің ұзақ мерзімді даму басымдықтарын: заң үстемдігін орнату, адам құқықтарын қорғау, инклюзивті қоғам құру және билік жүйесін ашық рәсімдермен, тежемелік және тепе-теңдік жүйесімен демократияландыру сияқты тетіктерді нақты белгіледі. Біз ЕКПА-ның сындарлы тәсілін және реформалар жолында Қазақстанды әрі қарай да қолдауға дайын болуын құптаймыз.

Парламенттік диалогты одан әрі нығайту, орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу, әлеуметтік инклюзия мен ашық сот төрелігін қамтамасыз ету сияқты өзекті мәселелерді талқылау «Қазақстанның өркендеу жолы: демократиялық реформалар және парламенттік дипломатия арқылы бірлік» атты дөңгелек үстелде жалғасты. Қазақстан Парламенті сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев күзгі сессия алаңында Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы жетекшілерімен бірқатар екі жақты кездесу өткізді. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?