Өткен жылы «Yandex Qazaqstan» компаниясы елімізге 29,5 миллиард теңге салық
төлеген. 2016 жылдан ел экономикасына 225 миллиард теңгеден астам инвестиция
құйды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Яндекс Global»-дың бас директоры
Даниил Шулейконы қабылдау кезінде айтылды. Мемлекет басшысы компанияның цифрлық
трансформацияға, шағын және орта бизнесті қолдауға қосқан үлесіне жоғары баға
берді. «Яндекс Global» басшысы Астанада жаңа инновациялық жобаларды іске қосу
жоспарын баяндап, AI-Sana бағдарламасына атсалысуға дайын екенін растады.

