Қазақстанда креативті индустрия компанияларының тізілімі жасалады

Қазақстанда креативті индустрия компанияларының тізілімі жасалады

Қазақстанда шығармашылық кәсіп иелерінің бірыңғай тізілімін қалыптастыру жоспарлануда. Оған еліміздегі мәдениет, кино, музыка, дизайн және басқа да бағыттардың мамандары кіреді. Сенатта креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша заңы қаралып, мақұлданды. Депутат Айгүл Қапбарованың сөзінше, онлайн тізілім мемлекетке шығармашылық бизнес өкілдері мен әлеуетті жобаларды тиімді қолдауға мүмкіндік береді. Әр өңірде дарынды адамдарға көмек көрсету және жергілікті жерлерде креативті кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңа тетіктер енгізіледі.

Руслан Рүстемов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- 2024 жылдан бастап креативті индустрияның жекелеген қызмет түрлері үшін 2-4% мөлшеріндегі арнайы бөлшек салық енгізілді. Бұл шара өзінің тиімділігін көрсетті. Бір жылдың ішінде сала субъектілерінің саны 17%-ға артты. Қазіргі кезде креативті индустрия саласында 150 мыңға жуық адам еңбек етеді, ал субъектілер саны 46 мыңнан асты. 2029 жылға қарай саланың жалпы ішкі өнімдегі үлесін 2%-ға дейін арттыру, экспорт көлемін 115 млн АҚШ долларына жеткізу және жұмыспен қамтылғандар санын 180 мың адамға дейін көбейту жоспарланған.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?