Оған сәйкес, былтыр жалпы халықаралық резервтер қоры, соның ішінде алтын-валюта мен ұлттық қор активтері айтарлықтай өскен. Нарықта екінші деңгейдегі банктердің экономикаға кредит бөлу көлемі 23 пайызға жуық артқан. Соның ішінде бизнеске берілген кредиттің үлесі жоғарылады: шамамен 14 пайыз. Өткен жылы экономиканы долларлау көрсеткіші 31 пайыздан астамға азайған. Ұлттық банктің мәліметі бойынша Fitch Ratings және S&P халықаралық агенттіктері Қазақстанның «ВВВ» деңгейіндегі дербес рейтингіне қатысты «тұрақты» деген болжамды растады.