Каспий құбыр консорциумы Қазақстаннан Ресейге мұнай айдау көлемін айтарлықтай азайтты. Бұл туралы консорциумның баспасөз қызметі хабарлады. Хабарлауынша, бұл Теңіз кен орнындағы жөндеу және Қашағандағы мұнай өндіруді тоқтатумен байланысты. Нәтижесінде «Теңіз – Новороссийск» құбыры арқылы «қара алтынды» жіберу көлемі қысқартылды. Жалпы тамыз айының басынан бастап Қазақстанда мұнай өндіру көлемі тәулігіне 13-15 мың тоннаға төмендеді деп хабарлады Энержи монитор.
Ал ОПЕК + елдері қыркүйек айында мұнай өндіруді тәулігіне 100 мың баррельге арттыруы мүмкін. Дегенмен, Альянстың жалпы көлемімен салыстырғанда өсім шамалы. Айта кетейік, ОПЕК + келісімі аясындағы Қазақстанның қыркүйек айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,710 млн. баррельді құрайды.