Қазақстанда жаңа экономикалық аймақ құрылады

Қазақстанда жаңа экономикалық аймақ құрылады

Қазақстанда енді бір арнайы экономикалық аймақ құрылады. Оны Ақтөбе өңірінде ашу көзделіп отыр. Жаңа кәсіпорындар шоғырланатын алаңда киім-кешек, паркет жабындары, целлюлоза өндірісін жолға қою межеленген. Сондай-ақ, синтетикалық каучук, фармацевтикалық препараттар шығаратын зауыттар іске қосылмақ. Өндірістік кешеннің басты артықшылығы: «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» ірі көлік дәлізіне жақын орналасуында. Бұл өнімдерді Орталық Азия мен Ресейге жеткізуге мүмкіндік береді. Жоба авторлары қолайлы географиялық орын мен түрлі салықтық жеңілдіктер инвесторларды қызықтарыда деп сенеді. Оларға коммуникациялық жабдықтар, тұрмыстық техника, батареялар мен аккумуляторлар шығаратын өндіріс орындарын ашу ұсынылды. Өндірістік аймақтағы нысандардың ел экономикасына қосатын үлесі 4 трлн теңгеден асады деп күтілуде.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?