Азия даму банкі Қазақстан экономикасының өсуі жеделдейтінін болжады

Азия даму банкі Қазақстан экономикасының өсуі жеделдейтінін болжады

Азия даму банкі биыл Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 5,3% өсетінін болжады. Бұл жөнінде қаржы институтының жаңа есебінде көрсетілген. Сарапшылар бұл тың көрсеткішке мемлекеттік инфрақұрылымға инвестициялар мен табиғи ресурстар өндіру көлемінің артуы негіз болатынын алға тартып отыр.

Геннадий Рау, Азия даму банкінің экономисі:

- Болжам бойынша өсімнің жоғарылауына мұнай өндірудің екі таңбалы көрсеткішке жетуі, сондай-ақ отандық өңдеуші және құрылыс секторы бағытындағы қаржыландырудың артуы әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, келер жылы АҚШ президентінің әкімшілігі енгізген тарифтердің салдарынан туындайтын жаһандық сын-қатерлерге бейімделуге байланысты әлемдік экономика шамалы баяулауы ықтимал. Сондықтанда оның әсері Қазақстанда да байқалады деп ойлаймыз.

Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің артуына қатысты оң болжамды өзге халықаралық қаржы ұйымдары да жақсартты. Еуропалық қайта құру және даму банкінің талдауы бойынша биыл 5,7%, Халықаралық валюта қоры мен Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының есебіне сай  5%, ал Еуразиялық даму банкі 5,5% деңгейінде экономикалық өсім күтілетінін мәлімдеген.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?