Қазақстан мен Чехия ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты белсенді дамытуға ниетті. Бұл ретте чех тарапы біздің республика аумағында шикізатты өңдеу және азық-түлік өнімдерін өндіру саласында жаңа бірлескен кәсіпорындар ашуға инвестиция салуға мүдделі. Астанада өткен бизнес-форумда екі ел перспективалық жобаларды талқылады. Айта кетейік, отандық ауыл шаруашылығы саласының әлеуетімен танысу мақсатында Чехия делегациясы алдымен Ақмола облысына ат басын тіреді. Ал елордадағы кездесулерден кейін Түркістан облысына жол тартпақ.
Марек Выборны, Чехия
Республикасының Ауылшаруашылығы министрі:
-Біз бірінші
кезекте ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібі саласында ынтымақтастық орнатуға
ниеттіміз. Бүгінде Қазақстанда ауыл шаруашылығын дамытуға мықты қолдау
көрсетіліп келеді. Бұл қуантарлық жайт. Сондай-ақ генетика және машина жасау
салаларында серіктестіктер құрылуда. Қазақстан заманауи ауылшаруашылық
технологияларын пайдалана отырып, жаңа фермаларды дамытуға ниетті. Ал осы осы
инновациялық әдістерде чехиялық тарап қолдау көрсетуге дайын. Сондықтан
делегация құрамында академиялық сектордың, яғни университеттердің өкілдері де
болды.
Ауыл шаруашылығы
саласы екіжақты әріптестік үшін ең тартымды салалардың бірі. Бұған тараптар
арасындағы тауарайналымнның артқаны дәлел. Биылғы жылы Қазақстан мен Чехияның
Агроөнеркәсіптік өнімінің саудасы 40%-ке өсіп, 12 млн долларға жетті. Жалпы
алғанда, Чехия Шығыс Еуропа мемлекеттері арасындағы біздің еліміздің
стратегиялық серіктестерінің бірі болып табылады. 2022 жылы чех іскер топтары
Қазақстанға 20 миллион доллар инвестициялады.
Алтынай Мұқанова,
«Kazakh Invest» ҰК АҚ Еуропа елдерімен ынтымақтастық жөніндегі жетекшісі:
- Қазақстан
тәуелсіздік алғалы Чехия 2,8 миллиард инвестиция салып үлгерді. Біз үлкен
әлеуетті көріп отырмыз. Қазақстан еуропалық елдер үшін ірі логистикалық хаб
болып табылады, сондай-ақ, инвестиция көлемі де жыл сайын артып келеді. Біз
Чехиямен, атап айтқанда машина жасау, металлургия және өңдеу өнеркәсібі және,
әрине, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың зор әлеуетін көріп
отырмыз.