Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен шұғыл әрекет ету штабының кезекті отырысы өтті. Мемлекет басшысы Алматы қаласы мен басқа да өңірлердің әкімшілік ғимараттарын, әлеуметтік және коммуналдық нысандарын қалпына келтіру жұмыстарына жедел кірісуді тапсырды. Сондай-ақ ол тәртіпсіздіктердің салдарынан келген шығындарды қалпына келтіру үшін Үкіметтік комиссия құруды тапсырды.