Олимпиада тарихында қазақстандық спортшылар алғаш рет алтын және күміс медальсіз қалды

XXXII жазғы Токио Олимпиадасы мәресіне жетті. Төрткүл дүние бәйгесінің тарихында қазақстандық спортшылар алғаш рет алтын және күміс медальсіз  қалды.

Ұлттық құраманың қоржынында тек қола алқа. Бір емес, бірден сегізін еншіледі. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло, боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов, күресші Нұрислам Санаев және каратэшілер Дархан Асаділов пен София Берульцева елге жүлдемен оралды. Нәтижесінде еліміздің құрамасы байрақты жарысты жалпы есепте 83-орында тұйықтады.

Айта кетейік, еліміздің намысын 97 саңлақ спорттың 27 түрінен қорғаған болатын. Келер Олимпиада ойындары Францияның астанасында 2024 жылы өтеді деп жоспарланған.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов