Президент Үкіметпен елдің экономикалық жағдайын талқылады

Президент Үкіметпен елдің экономикалық жағдайын талқылады

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметпен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылады. Мемлекет басшысына негізгі даму көрсеткіштері, республикалық бюджеттің биылғы 7 айдағы орындалуы және 2025-2027 жылдарға арналған бюджет параметрлер жөнінде баяндалды. Үкіметтің орта мерзімді кезеңге арналған болжамдары келтірілді. Осылайша келесі жылы экономика 5,6 % деңгейінде өсім көрсетеді, ал инфляция 5,5 – 7,5% дейін төмендейді деп күтілуде. Президент Үкіметке еліміздің макроэкономикалық көрсеткіштерін болжау және мемлекеттік бюджет сапасын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік шығындарды басымдығына қарай реттеудің нақты механизмін енгізуді жүктеді.