Қазақстанда машина жасау саласындағы көрсеткіштер жарты жылда 11% -дан астам өсті. Бұған негізінен автокәсіпорындар, теміржол және көлік зауыттары ықпал етіп отыр. Мысалы, отандық ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер ішкі нарық қажеттілігінің 90% -ын қамтамасыз етеді. Жарты жылда ірі зауыттар 4 мың трактор және 440-тан астам астам астық жинайтын комбайн шығарды. Бұдан басқа, биыл Алматы мен Қостанайда екі жаңа автозауыт іске қосылады. Жыл соңына дейін 147 мыңнан астам автокөлік құрастыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, елімізде Samsung брендінің тұрмыстық техникасы шығарыла бастайды. Осылайша, биыл Made in Kazakhstan белгісімен теледидарлар мен кір жуғыш машиналар саудаға шығады.

