Ұлттық банк жаңа цифрлық инвестициялық монетаны таныстырды

Ұлттық банк жаңа цифрлық инвестициялық монетаны таныстырды

Берлиндегі Дүниежүзілік ақша көрмесінде Қазақстанның ÚKI цифрлық инвестициялық монетасы жоғары бағаланды. Онда Ұлттық банк бұл жобаның іске қосылуы мен жүзеге асырылу ерекшеліктерін таныстырып, оның озық технологиялар мен дәстүрлі монета өнерін ұштастыратынын атап өтті. Айта кетейік, әлемдегі ең ірі нумизматикалық алаң жыл сайын түрлі елдерден келген монета сарапшылары мен қауымдастық өкілдерін жинайды. Қазақстан бұл көрмеге 2000 жылдан бері қатысып келеді. Номиналдық құны 100 теңгелік ÚKI инвестициялық монетасы алтыннан құйылған.


Айнұр Идрисова, ҚР Ұлттық банкі қолма-қол ақша айналымы жобалары басқармасының бас маманы:


- Халықаралық сарапшылар Қазақстанның Монета сарайы шығарған ÚKI алтын инвестициялық монетасының инновациялығын, қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталуын, сапасы мен бірегей дизайнын жоғары бағалады. Оның тұжырымдамасын Ұлттық банктің дизайнерлері әзірледі. ÚKI цифрлық инвестициялық монетасын әлемнің кез келген нүктесінен онлайн сатып алуға, Ұлттық банкке қайта сатуға, сыйлық ретінде беруге, сондай-ақ, белгілі бір мөлшерде жинақталған жағдайда банктің аумақтық филиалдарында алтынға айырбастауға болады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?