Бұл туралы ел Премьер-министрі мен Adani Group президенті арасындағы кездесуде айтылды. Әлихан Смайылов еліміздің экономикасының басым бағыттары көлік-логистика, энергетика, тау-кен металлургия кешені, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы салаларын атап өтті. Ол республикада жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу және жалпы кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын айтты. Өз кезегінде Гаутам Адани азаматтық авиация, мұнай-химия секторы, көлік-логистикалық инфрақұрылым және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.