Президент ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтерінің басшыларын қабылдады

Президент ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтерінің басшыларын қабылдады

ТМД елдері қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшылары кеңесінің рөлі қазіргідей күрделі кезеңде бұрынғыдан да артып келеді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев кеңестің 55-ші отырысына қатысушылармен кездесуінде мәлімдеді. Мемлекет басшысы бұл алаңның қауіпсіздік саласындағы күш-жігерді үйлестіру тетігі ретінде танылғанын атап өтті. 

Сондай-ақ Президент шұғыл және сараптамалық ақпаратпен дер кезінде алмасу өңірлік қауіпсіздікке төнетін қауіптер мен сын-қатерлерге қарсы тұру қабілетін арттыра түсуге ықпал ететінін айтты. 

Жиынға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің, сондай-ақ ТМД терроризмге қарсы орталығы мен Атқарушы комитеті делегацияларының басшылары қатысты. Кездесу қорытындысы Достастық мемлекеттерінің арнаулы қызметтері арасындағы өзара ықпалдастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?