Қазақстанның шекарадағы 8 өткізу пункті жыл соңына дейін жаңғыртылады Бұл жүк пен жолаушылардың шекарадан өту уақытын айтарлықтай қысқартуы тиіс. Қазірдің өзінде қабылданған шаралардың нәтижесінде өткізу уақыты 2 жарым сағатқа қысқарды. Шекарадағы инфрақұрылымның жақсаруы кәсіпкерлерге де, қарапайым халыққа да тиімді. Бұл туралы Мемлекет басышы Қазақстан халқына Жолдауында айтқан. Сондай-ақ, еліміз Қытайдан Еуропаға дейінгі бағыттағы Орта дәлізде негізгі транзиттік хабқа айналуы керек.
Мақсат Қалиақпаров, ҚР Көлік вице-министрі:
- Қазақстан шекарасы бойында 55 автомобильдік өткізу пункті бар. Оның 14-і
сыртқы және 41-і еуразиялық экономикалық одақтың ішкі кедендік шекарасында
орналасқан. Олардың ішінде 4 пункт бойынша жұмыстар аяқталды. Қалғандары
бойынша жұмыстар 26-27-ші жылдары жүргізілетін болады.

