Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев Будапеште Түркі
мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты. Мемлекет басшысы «Шығыс пен Батыс тоғысқан
тұс» атауымен ұйымдастырылған жиын
алып құрлықтың ұлан-ғайыр аумағын иеленіп жатқан түркі елдерінің мүддесіне,
стратегиялық мақсат-міндетіне сай келетінін айтты. Қазіргі күрделі геосаяси жағдайда
Ұйым аясындағы ынтымақтастықтың мәні тіпті артты. Тиімді бағыттардың бірі – көлік саласындағы қарым-қатынас.
Қасым-Жомарт Тоқаев Орта дәлізді Шығыс пен Батыстың
арасындағы негізгі көпірге айналдыруды стратегиялық міндет ретінде атады. Осы
орайда бауырлас елдерді ірі
инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға, оның ішінде «Солтүстік - Оңтүстік» бағыты бойынша
халықаралық көлік қатынасын дамытуға шақырды. Мемлекет басшысының айтуынша,
цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың болашағы
зор. Биыл еліміз Каспий теңізі арқылы оптикалық-талшықты кабель тарту жобасын
жүзеге асыра бастады. Соның нәтижесінде аймақтағы цифрлық байланыс нығая
түседі. Мемлекет басшылары саммит қорытындысы бойынша төрт құжат,
соның ішінде ұйымның Будапешт
декларациясын қабылдады.

