AI Qyzmet: 16 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер ЖИ құралдарын игерді

AI Qyzmet: 16 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер ЖИ құралдарын игерді

Қазақстанда 16 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер жасанды интеллект құралдарын игерді. Қазір олар алған білімін есептерді жасау, деректерді талдау және презентацияларды дайындау үшін белсенді пайдалануда. Цифрлық даму министрлігінде атап өткендей, жыл соңына дейін AI Qyzmet білім беру бағдарламасы бойынша 30 мың мемлекеттік қызметкерді ЖИ-мен жұмыс істеу дағдыларына үйрету жоспарланған. Айта кетейік, бұл Орталық Азиядағы алғашқы жоба.


Әлібек Сайланбаев, ҚР ЦДИАӨМ Комитеті төрағасының орынбасары:

- Осы курс жасанды интеллект деген не, онда қандай құралдар бар, презентация жасауды көрсетеді, промпт-инженерингке үйретеді.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?