Қазақстанға мемлекеттік сапармен Ресей Президенті келді

Қазақстанға мемлекеттік сапармен Ресей Президенті келді

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды елорда әуежайында қарсы алды. Еліміздің шекарасына енген сәттен Астана әуежайына қонғанға дейін Ресей Президентінің бортына Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары қапталдаса ұшты. Ұшақ трапының алдында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді. Владимир Путин мен ресми делегация мүшелеріне екі елдің жалаушаларын ұстаған балалар, барабаншылар қошемет көрсетті. Одан кейін Қазақстан мен Ресей туларын желбіреткен тікұшақтар алаң үстімен ұшып өтті. Әуежай терминалында домбырашылар және сырнайшы, халықаралық конкурстардың лауреаты Радмир Хайбуллин Ресей мемлекеті басшысының құрметіне Құрманғазы күйлері мен орыс халық әуендерінен попурри орындады.

Бүгін Мемлекеттер басшылары келіссөздер барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті және одақтастық қатынастарды нығайту әлеуетін талқылайды. Сондай-ақ, Астанада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді. Ал 29 мамыр күні Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысы ұйымдастырылады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?