Жаңа Конституцияны республикалық референдум арқылы
қабылдау Қазақстанның орнықты, демократиялық дамуында маңызды рөл атқарады
дейді шетелдік сарапшылар. Мұндай формат азаматтарға билік пен қоғам арасындағы
диалогты нығайта отырып, елдің даму бағдарын айқындау ісіне тікелей қатысуға
мүмкіндік береді. Өзбекстандық саясаттанушы Равшан Назаровтың айтуынша,
референдум мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа қағидаттарын
бекіте отырып, қоғамдық шартты жаңғырту тетігі болып табылады.
Равшан Назаров, саясаттанушы, Өзбекстан:
- Референдум - бұл тікелей демократия институты. Яғни,
демократиясы дамыған елдерде, мысалы, Швейцарияда, үнемі референдум өткізіледі,
кейде тіпті бір емес, 3-4 референдум өтеді. Қазақстан тарихындағы бесінші
референдум бұл құралдың, яғни референдумның Қазақстан Республикасының қазіргі
заманғы демократиялық мемлекет ретіндегі маңызды саяси тетігіне айналғанын
көрсетеді.

