Бұрынғы мемлекет басшылары бірдей құқықтар мен өкілеттіктерге ие болуы керек. Мәжілісте депутат Айдос Сарым Елбасы туралы заң жобасының күшін жоюға қатысты түсініктеме берді. Пленарлық отырыс барысында Тұңғыш Президенттің өкілеттіктері туралы Конституциялық Заңның қолданылуын тоқтату ұсынысын 90 депутаттың бәрі қолдап, бірауыздан дауыс берді. Бұл өзгерістер ең алдымен нормативтік-құқықтық актілерді елімізде жүргізіліп жатқан реформалар шеңберінде қабылданған жаңа заңдарға сәйкес келтіру мақсатында көзделген деп атап өтілді, Парламенттің төменгі палатасында.
Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Кезінде Елбасы туралы заңына Бірінші Президентке қатысты көптеген басымдықтар беретін эксклюзивті нәрселер жазылған. Депутат ретінде біз бұрынғы президенттердің барлығы қандай ретте билік етсе де бірдей құқықтарға ие болуы керек деп салаймыз. Осыған басымдық берілуі керек. Бұл тек Елбасы туралы заңына ғана қатысты айтылған дүние емес. Қауіпсіздік сынды өзге де заңдарда жазылғаны бар. Оның бәрін жұмыс тобы толық саралау үшін әлі бірнеше отырыс өткізеді.
Айта кетейік, аталмыш заңда бұрынғы қазақстандық көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Елбасы» мәртебесі берілген. Сондай-ақ отбасы мүшелеріне қол сұғылмайтындығына кепіл болды. Бұған қоса, құжат экс-президентті заңды негізде тұрғын үй, байланыс, көлік, күзет, медициналық көмек сынды керек-жарақпен қамтамасыз етті.