Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

Астанаға тартылған инвестиция көлемі артып келеді. Биылғы көрсеткіш 16 пайызға жоғарылап, 1 триллион 140 миллиард теңгені құрады. Бұл туралы елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде Президентке есебінде қала әкімі баяндады. Жеңіс Қасымбек былтыр бірнеше жылыту орталықтары бірінші кезеңде пайдалануға берілгенін, соның есебінен қалада жылу қуаты артығымен өндіріле бастағанын айтты. Жыл соңына дейін «Тұран» газ жылу станциясының екінші кезеңін аяқтау жоспарланып отыр. Бұдан бөлек Жеңіс Қасымбек қазір «Тельман» газ жылу станциясын салу және «Оңтүстік-Батыс» газ жылу станциясын жобалау жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Кездесу соңында Президент елорданы одан әрі дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді.

Мәншүк Шымырбай

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?