«Nur Otan» Саяси кеңесінің қаулысымен партияның кезектен тыс XXII съезінің келесі күн тәртібі бекітілді.
- Партияның Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу.
- «Nur Otan» партиясының модернизациясы. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Facebook парақшасында хабарлады.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен «Nur Otan» съезі 1 наурызда өтеді. Оның жұмысына еліміздің әр өңірінен 399 делегат қатысады. Іс-шара барысында партия жұмысын одан әрі жаңғырту бойынша басымдықтарды талқылау жоспарланып отыр. Съезд онлайн форматта өтеді.