Қазақстан мен Беларусь жасанды интеллект саласында күш біріктіруге бейіл.
Сондай-ақ, ауылшарушылығы аграрлық ғылымды бірге дамытуға ынталы. Сонымен
қатар, жаңа экспорттық нарықтарға шығу үшін көлік қатынасын үдете алады. Бүгін
Олжас Бектенов пен Беларусь Премьер-министрі Александр Турчин осындай бірнеше
саланы бірге дамытудың Жол картасына қол қойды. Оның ішінде Астана қаласы мен
Алматы облысымен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық
салалардағы байланыстарды бекіте түсетін құжаттар бар.

