Қазақстан халықаралық гуманитарлық құқықты сақтау бойынша үндеу жасады

Қазақстан халықаралық гуманитарлық құқықты сақтау бойынша үндеу жасады

Қазақстан Президенті,  Бразилия, Иордания, Қытай, Франция және Оңтүстік Африка басшылары, сондай-ақ Халықаралық Қызыл Крест комитеті бірлескен мәлімдеме жасады. 6 мемлекеттің көшбасшылары бір ауыздан соғыс кезінде ізгілікті сақтауға шақырды. Еліміздің сыртқы істер министрлігі бұл мәлімдеме халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілділікті күшейту жөніндегі Жаһандық бастаманы ілгерілету аясында жасалғанын айтады. Мемлекет басшылары әлемдегі қақтығыстарда халықаралық гуманитарлық құқықтың кең ауқымда бұзылуына және оның салдарынан болып жатқан адамзаттық қасіретке алаңдаушылық білдірді. Олар барлық мемлекеттер мен қарулы қақтығыстардың тараптарын бейбіт тұрғындарды, азаматтық нысандарды, сондай-ақ медицина және гуманитарлық сала қызметкерлерін қорғауға қатысты нормаларды сақтауға шақырды. Сондай-ақ, мемлекет басшылары 2026-шы жылы соғыс кезінде ізгілікті сақтауға арналған жоғары деңгейдегі жаһандық кездесу ұйымдастырылатынын хабарлады. Мәлімдеме БҰҰ 6 ресми тілінде, сондай-ақ қазақ және португал тілдерінде жарияланды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?